Жасөспірімдер арасында 31 боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты

Жасөспірімдер арасында 31 боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты

Бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 31 боксшымыз финалға шықты.

Финалға шыққан боксшылар саны бойынша Қазақстан құрамасы көш бастады.

 

1 Қазақстан — 31

2 Өзбекстан — 30

3 Үндістан — 21

4 Украина — 12

5 Иран — 6

6 Иордания — 4

Айта кету керек, бұл жаңадан құрылған World Boxing ұйымының 15 және 17 жастағы өрендерге арналған алғашқы құрлықтық жарысы. Байрақты бәсекеге 18 елден 400-ден аса қатысушы жиналды.

Финал 29-30 сәуірге жоспарланған.