26 июня, 2025
Мерейтойлық медальмен марапатталды

Мерейтойлық медальмен марапатталды

Арқалық қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат» бөлімінің басшысы Азамат Сұлтанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды.

Азамат Маратұлы 1979 жылы 25 қарашада Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2001 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.

Әскери дәрежесі – қатардғағы жауынгер – матрос. Еңбек жолын Алматы, Астана, Арқалық қалаларында «Қазақстан академиясы» АҚ, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында ассисент, аға оқытушы болып бастаған. 2005 жылдан Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, Арқалық қалалық мәслихатының ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған. 2015 жылы ішкі саясат бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, бас маман, 2021 жылдан аталған бөлімнің басшысы болып, мемлекеттік қызметте ұзақ жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді.

«Ішкі саясат бөлімі қызметінің негізгі бағыттары — мемлекеттілікті және ұлт бірлігін, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын нығайту, өңірлік ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық медалына ие болып тұрмын. Бұл – ұлтаралық келісім, этносаралық келісім саласындағы жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі. Әрдайым, елімізде тек қана бейбіт өмір шуағын төгіп, халқымыздың татулығы пен берекесі арта берсін», – дейді марапат иесі.

Мұрат Жүнісұлы

                                                                              Арқалық қаласы