«Мерейлі отбасы» облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы» облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Лисаков қаласынан келген Шүкіровтер отбасы атанды. Жеңмпаздарға 1 млн еңге көлемінде сертификат табысталады.
Шүкіровтар отбасы көпке үлгілі отбасы. Бір шаңырақ астына 49 көп ұлтты баланы жинап, жақсы білім беріп, ешкімнен кем қылмай тәрбилеп отыр.

Туған бауырлардай болып бір отбасында қазақ, орыс, украйн,неміс,сыған, және басқа ұлт өкілдерінің балалары бар.

 

Облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали жеңімпаздарды құттықтады.

“Бүгін Торғай жағында сапарлда болдық. Тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға баспана кілттерін табыстадық. Қаншама отбасы қуаныштан көздеріне жас алып жатыр. Ұлтымыздың қаймағы, тамыры сол жақта. Жеңімпаздарға табыс тілеймін”, – деді Ринат Мұхаметқали.

Қазақтың халық ақыны Әсия Беркенованың пікірі де осыған саяды.

“Бұл жай ғана отбасы байқауы ғана емес. Бұл ұлттық байқау. Ол дегеніміз, ұлтымыздың құндылықтарын дәріптеу, балаларының бойына сіңіру. Неше баланың туғаның емес, неше балаға ұлттық тәрбие бердің, бәріне бере алдың ба деген сөз. Жаңа бір қария шығып мен бір тала отырғыздым деп айтты. Егер сол талдыңтамыры дұрыс болмаса, ағаш босқа шіриді. Ұлттық тамырымыздан үзіліп қалсақ біз де шіриміз. Ұлттық тамырдан ажырамау бірінші ұлттық тілді білу. Ұлттық дәстүрді білу. Тілді білмеген адам тамырынан ажырайды. Тамырдан ажымауға үлкен күш салыңыздар”, – деп тұжырымдады Әсия Беркенова.

Барлығы 11 отбасы марапатталды. Соның ішінде «Дәстүрлі отбасы», «Өнерлі отбасы», «Қайсар отбасы», «Салауатты отбасы», номинациясы бойынша бірнеше жанұяға 500 000 мың теңге көлемінде сертификат табысталады.

 

  

 

Үздіктерді анықтау барысында қатысушы отбасы мүшелеріннің жетістіктерін, өмір сүру салты мен әулет дәстүрлерін назарға ала отыра, берліген шарттар бойынша бағаланып, үздік деп шешкен ордалы отбасылары іріктелді.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу