«Мемлекеттік тілге жеті қадам» жобасы өз мәресіне жетті

«Мемлекеттік тілге жеті қадам» жобасы өз мәресіне жетті

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін   қоғамдық даму басқармасы  этносаралық қарым-қатынас тіл жобасын қолға алған болатын.
Наурыз айында басталған жобаның  қорытындысы  шығарылды. Іс-шараның мақсаты әртүрлі ұлт жастарын мемлекеттік тілді үйренуге баулу,  оның қоғамдағы рөлін арттыру екені белгілі.

Сырғагүл Жарменова, Злиха Жүсіпова секілді білікті мамандардың арқасында облыстың барлық қалалары мен аудандарындағы мектептің 13 пен 18 жас аралығындағы екі жүзге жуық оқушысы жеті қадамдағы жеті тапсырманы орындап, жеті айда сәтті қорғай білді.

“Бүгін барлық қатысушыларлың еңбегі еленді. Үздік 11 оқушы Астана қаласындағы экскурсияға жолдама алды”, – деді Злиха Жүсіпова.

Елорда төрінде мәдени орталықтарды аралып, Алжир мұражайы, ұлтық кітапхана, ұлттық музей, бейбітшілік пен келісім сарайы, таңғы президент мұражайлары сияқты көрікті жерлерді араламақ.

“Бұл байқау облысымызда бұрын  болмаған алғашқы көп ұлтты қамтыған жоба болды. Біздің Қостанай орталығындағы білім ордаларынан онға жуық оқушылар бақ сынады. Әр кезең сайын оқушылардың қызығушылығы арта түсетін болады. Кешегі Жастар сарайында болған басқосу жобаға қатысқан оқушыларға үлкен ой тастады. Әрине, Астана қаласына бару барлық қатысушының арманы екені анық. Оқушылар тағы да осындай жоба  ұйымдастырылып жатса қатысамыз деп жігерленіп, қызығушылық танытып жатты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін, өркендетіп жастарды баулитын іс-шаралар көптеп ұйымдастырылып тұрса, жақсы болар еді”, – дейді Қостанай қалалық білім бөлімінің әдіскері Жанар Жұмағұлова.

Жаңалықтармен бөлісу