Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен біріктірілген олигополиялық топтарға қолданылатын болады.
▪️ Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар болып табылатын (болған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғалардағы, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі, сондай-ақ аталған тұлғалармен үлестес субъектілердегі лауазымдарға қолданылады.
▪️ Заң ережелерін қолдану үшін көрсетілген критерийлерге қосымша тұлғалардың жиынтығында Заңда белгіленген шектен асатын сомаға активтері болуы тиіс-13 млн.АЕК (44 млрд. 850 млн. теңге немесе шамамен 100 млн. АҚШ доллары).
▪️ Активтерді қайтару жөніндегі жұмысты мемлекеттік органдардың ақпараты және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер негізінде ақпаратқа мониторинг пен талдау жүргізетін активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
▪️ Ол мониторинг және талдау барысында айқындалатын болады.