Қазақстандықтарға коммуналдық қызметтердің шығындарын қалай өтеу керектігі түсіндірілді

Қазақстандықтарға коммуналдық қызметтердің шығындарын қалай өтеу керектігі түсіндірілді

Қазақстанда халықтың осал топтары коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеуге сене алады. Мұндай тетік мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету шеңберінде көзделген, деп хабарлайды Tengrinews.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл көмек аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға коммуналдық қызметтерге (жылу, электр және сумен жабдықтау, байланыс, лифтілерді ұстау және т.б.) шығыстарды өтеу үшін тоқсан сайын төленеді. Басты шарт, алушының меншігінде Қазақстан аумағында бір ғана тұрғын үй болуы не мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушы (тең жалға алушы) болуы тиіс.

Жаңалықтармен бөлісу