25 мая, 2025
Мемлекет басшысы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын кеңейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын кеңейтуді тапсырды

Ел дамуында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу әрдайым басым бағыттардың бірі болып келді. Осы мақсатта жүзеге асырылған бірқатар бастамалардың тәжірибесін ескере отырып, Мемлекет басшысы өткен жылы бірқатар мектептерде енгізілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын тиімділігін атап өтті.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Мемлекет басшысы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын еліміздегі барлық білім беру мекемелеріне, соның ішінде жеке мектептерге де кеңейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсынысымен бұл бағдарлама «Адал азамат» деп аталып, жас буынды адамгершілікке, патриоттыққа баулуға бағытталатыны атап өтілді.

Бұл бастама өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, жауапкершілігі мол, елжанды азамат болып қалыптасуына жол ашады. Бағдарлама аясында оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына, қоғамға қызмет ету дағдыларына және отбасылық тәрбиеге ерекше мән беріледі. Аталмыш бағдарлама жемісін берді деуге болады. Өйткені, жоғарыда айтылған құндылықтар балалардың бойынан табылып жатыр.

 

Жансая ИСМАЙЛОВА,

Қостанай қалалық 28 — мектеп-гимназиясының директоры