Қостанайдағы колледждің тәжірибесін солтүстік аймақтарда кеңінен қолдану қажет

Қостанайдағы колледждің тәжірибесін солтүстік аймақтарда кеңінен қолдану қажет

Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылды. Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры Дмитрий Павленко еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы өзекті мәселелерді көтерген болатын.

«Дмитрий Павленко дұрыс мәселе көтерді. Кәсіби техникалық колледждер жаңа мамандықтарға сұранысты және еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс. Сарапшылардың айтуынша, біраз жылдан соң солтүстіктегі халықтың саны едәуір азайып, оңтүстіктегі тұрғындар әлдеқайда көбеюі мүмкін. Бұл – өте өзекті мәселе. Себебі аймақтардың еңбек нарығында теңсіздік одан әрі ушыға түседі деген сөз. Осы мәселемен Үкімет мұқият айналысуы керек. Қостанайдағы колледждің тәжірибесін солтүстік аймақтарда кеңінен қолдану қажет», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Жаңалықтармен бөлісу