2024 жылдың 31 шілде – 4 тамыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде Медиация күнін мерекелеу шеңберінде (5 тамыз) Медиация апталығын және «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің ашық есік күні» республикалық акциясын өткізу көзделген.
Іс-шараның мақсаты – ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарын және қызметi Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келiсiм мен ұлттық бiрлiктi қамтамасыз етуге байланысты мүдделi уәкiлеттi тұлғаларды жанжалдардың деңгейiн төмендету және халық арасында толеранттылық пен этносаралық келiсiм мәдениетiн тәрбиелеу мәселелерiнде шоғырландыру.
Медиация апталығында халық арасында сауалнама жүргізіліп, әлеуметтік желілерде «Бірлік пен келісім – қоғам игілігінің кепілі» атты челленджі өтеді.
4 тамызда сағат 10.00-13.00-ге дейін Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-де (Достық үйі, Алтынсарин к-сі, 115) «Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кабинетінің ашық есік күні» республикалық акциясы өтеді.
Іс-шараға Қостанай облысындағы ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілі, сот және құқық қорғау органдарының, адвокаттар алқасының өкілдері, түрлі деңгейдегі депутаттар, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері: Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, ҚХА кафедрасы, «Ассамблея жастары» ҚБ, медиаторлар, ҚХА волонтерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге мүдделі азаматтық қоғам өкілдері қатысады.