Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Құрылтай депутаттарының алғашқы сессиясы өткізілді.
Сессияда сөз сөйлеген Президент алдымен әрбір қазақстандық үшін Құрылтай сөзінің мәні мен маңызының құндылығын және Құрылтай ұғымы халқымыздың өткен бірегей болмысын және жарқын болашаққа деген ұмтылысын айшықтайтынын айта келе Құрылтай депутаттарына: «Сіздер ең алдымен ұлттың, жалпы халықтың мүддесіне адал қызмет етесіздер деп санемін», – деді.
Қазақ елі тарихында Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданғанын Президент айта келе «бұл Құрылтайда билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді» — деп атап көрсетті.
Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың қарқыны алдағы уақытта да үдей түспесе бәсеңдемейді. Реформаларды жүзеге асыру үшін кездесетін кедергілер мен сынақтардың алдын алуға шаралар толық қабылданып отырғандығы да Президент сөзінде айтылды.
Президент сонымен бірге қыркүйектің екінші жартсында Қазақстан тарихында тұңғыш консультативтік орган Халық кеңесінің жасақталатынын, алдағы уақытта вице-президенттің және премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізілетінін де хабарлады. Мемлекет басшысы өз сөзінде алдағы болатын жылдағы дәстүрлі Қазақстан халқына Президенттің Жолдауы да жолданатынын айтып өтті.
Түбекбай Әубәкіров,
Арқалық қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы
