«Ауыл» партиясының атынан сайланған ҚР Мәжілісінің депутаты Николай Арсютин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулысы кешелі бері шалғай ауылдардың халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандардың жәй-күйімен танысуда.
Бүгін Алтынсарин ауданындағы Басбек ауылында салынып жатқан сүт-тауар фермасының құрылысымен танысты.
«Тапаев» шаруа қожалығының жобасы болашақта ауыл экономикасына тың серпін берері сөзсіз.
Одан кейін жастар ресурстық орталығының ұжымымен кездесті.
Түс ауа Қостанай ауданындағы Мәскеу ауылының дәрігерлік амбулториясында және жергілікті шаруа қожалығында болды.
«Тұрғындарды қандай мәселе алаңдататынын білу үшін жұмыс сапарымен өңірлерді аралап жүрміз. Халықтың көкейіндегі түйткілді жазып алып, кейін үкіметке сауал жолдаймыз. Үкіметтің ресми жауабын тұрғындарға жеткіземіз. Былтыр тұрғындар тарапынан көптеген өтініштер түсті. Соның 70%-ға жуығы шешімін тауыпты. Мұндай кездесулер бізге халықпен ашық сөйлесіп, пікірлесуге мүмкіндік береді. Қостанай облысына былтыр да келгенмін. Алыс ауылдарға барғанды құп көрем. Себебі, қалада онсыз да даму бар, тіршілік қайнап жатыр. Ал ауыл назардан тыс қалмауы керек», –деді ҚР Мәжілісінің депутаты Николай Арсютин.
Депутаттың Алтынсарин және Қостанай ауданына жасаған сапары туралы мақаланың толық нұсқасын газетімізден оқисыздар.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретке түсірген автор
