Лисаковтық полицей  гаражды өрттен аман алып қалды 

Лисаковтық полицей  гаражды өрттен аман алып қалды 

Полиция майоры Данабек Игімбердиев Лисаков қаласының Октябрь ауылында учаскелік инспектор болып жұмыс істейді.Қарауындағы учаскесін айналып өту барысында, Орал көшесінде түтінді байқады. Дереу түтін шығып жатқан жерге жеткенде гараждың жанып жатқанын көрді. Иесінің айтуынша, онда “табиғи” газ қосылған 6 газ балонны болған.

Данабек ойланбастан өртті қармен және басқа да қолға түскен құралдармен сөндіруге кірісті.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірді. Абырой болғанда, адам шығыны болған жоқ.

Үй иесі полиция мен өрт сөндірушілерге жақсы жұмыс істегені үшін алғыс айтты.

Жаңалықтармен бөлісу