Әскерге былтыр қабылданған сарбаздар құрметке бөленді

Әскерге былтыр қабылданған сарбаздар құрметке бөленді

Қазақстанның түкпір-түкпірінен шақырылған жас Отан қорғаушылар бір жыл бойы Қостанай қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Міне, бүгін сағаттары соғып запасқа шығару сәті де келіп жетті. Азаматтық парызы мен жауынгерлік міндетін атқарған сарбаздарға адал қызметімен ерекшеленіп, үздік аталғандардың біршамасы Ұлттық ұлан қолбасшысы, өңірлік қолбасшылық, бөлім командирі, бірлесіп қызмет атқарған күш құрылымдары атынан грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кету керек, қызметін сәтті аяқтаған сарбаздардың арасында бөлім қолбасшылығының ұсынысы бойынша келісім-шарт негізіндегі әскери қызметші ретінде қалып, Ұлттық ұланда қызмет етуді жалғастыруға шешім қабылдағандар бар.

Олар бір айлық демалыстан кейін, көп ұзамай әскери қызметтеріне кірісетін болады. Салтанатты шара соңында мәдениет үйі өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Айгерім Мұратбек,

Ахмет Байұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Журналистика коммуникациялық менеджмент кафедрасының

3 курс студенті.

Жаңалықтармен бөлісу