28 мая, 2025
Күміс – қолда, алтын – жолда. 4 финалда қазақ боксшылары өзара жұдырықтасады

Күміс – қолда, алтын – жолда. 4 финалда қазақ боксшылары өзара жұдырықтасады

Бокстан «Странджа» турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды. 10 жекпе-жектің 8-де отандастарымыз жеңіске жетті. 2 кездесуде ғана төрешілер шешімімен отандастарымыз жергілікті боксшыларға жол берді…

Финалдағы 4 салмақ дәрежесінде қазақ боксшылары өзара жұдырықтасады.

63,5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Ертуған Зейнуллин

71 келі. Абылайхан Жүсіпов — Фарух Тоқтасынов

75 келі. Тимур Нұрсейітов — Сабыржан Аққалықов

86 келі. Нұрбек Оралбай — Бекзад Нұрдәулетов

4 боксшымыз жарыстың қола жүлдегері атанды.

– Теміртас Жүсіпов (48 келі)

– Оразбек Асылқұлов (57 келі)

– Талғат Сырымбетов (60 келі)

– Данияр Рахымбердиев (92 келі)

 

Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыласы кімдер?

Финалдағы 3 жекпе-жек өзбек боксшыларына қарсы өтеді. Ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай мен Баходир Жалоловтың ізбасары саналатын Жахонгир Закировпен жұдырықтасады.

51 келі. Даниял Сәбит — Самет Гумуш

54 келі.  Тимур Қабдеш — Шахзод Музафаров

60 келі.  Серік Теміржанов — Радослав Росенов

67 келі.  Төрехан Сабырхан — Заур Гахраманов

80 келі. Ерасыл Жақпеков — Фазлидин Еркинбоев

+92 келі.  Айбек Оралбай — Жахонгир Закиров

Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жек  кешкі сағат 20:30-да басталады.