Конституциялық өзгерістер: ашықтық, заңдылық және сенім

Конституциялық өзгерістер: ашықтық, заңдылық және сенім

Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекеттіліктің негізі және ел дамуының басты құқықтық бағдары. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, әділдік қағидаттары, сондай-ақ мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігі бекітілген.

Конституцияға енгізілген өзгерістер саяси және құқықтық жаңғыртудың маңызды кезеңі болды. Олар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға, қоғаммен ашық диалогты дамытуға және мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді моделін қалыптастыруға бағытталған.

Бұл қағидаттар мемлекеттік кірістер органдарының қызметі үшін де практикалық маңызға ие. Олардың жұмысы азаматтармен, кәсіпкерлермен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне, қабылданатын шешімдердің ашықтығына, салық және кеден заңнамасын уақтылы түсіндіруге, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады.

Бүгінде салық төлеушілермен өзара іс-қимыл тек бақылауға ғана емес, серіктестік тәсілге де негізделеді. Қызметтерді цифрландыру, әкімшілік кедергілерді азайту, салық мәдениетін арттыру және салықтық міндеттемелерді ерікті түрде орындауға жағдай жасау маңызды бағыттар болып қала береді.

Салық төлеу — заңмен белгіленген міндет қана емес, әрбір азамат пен кәсіпкердің ел дамуына қосқан үлесі екенін атап өткен жөн. Салық түсімдері есебінен әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және басқа да маңызды салалар қаржыландырылады.

Осылайша, конституциялық өзгерістер мемлекеттік органдар мен қоғам үшін жауапкершіліктің жаңа деңгейін айқындайды. Олар заңдылықты нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға және мемлекет, халық пен бизнес арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға ықпал етеді.

Төленді  Керімбеков,

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департамент

басшының орынбасары-әдеп жөніндегі уәкіл