Арқалықта көпқабатты үйлердің қасбеттері жөнделіп жатыр

Арқалықта көпқабатты үйлердің қасбеттері жөнделіп жатыр

Биыл қаланың бірдей сәулеттік келбеті үшін көпқабатты үйлердің қасбеттерін жөндеуге облыстық бюджеттен 817 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күні осы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бөлінген қаражатқа үйлердің сырты металосайдинг құрылыс материалымен қапталып, балкондарына біркелкі терезе салынып жатыр.

Қалалық тұрғын үй құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше жалпы, қарастырылған қаржыға сәйкес қалада 18 көпқабатты үйдің қасбеттерін жөндеу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда 7 көпқабатты үйлердің (Қайырбеков көшесі, №44, 52, 54, 56, 58, Демченко көшесі №9, Горбачев көшесі №35 үй) қасбеттері жөнделу үстінде.

Келісім – шарт бойынша жобаның жалпы құны 603,2 миллион теңгені құрап, артылған қаражат 214,3 миллион теңгені құрады.

Үнемделген қаржыға 6 көпқабатты үйдің қасбеттерін жөндеуге конкурс жарияланды. Олар: Горбачев көшесі №65, Қайырбеков көшесі №9,21,48 (сыртын қаптау, балконын шыналау), Қайырбеков көшесі №23, 70 (сыртын бояу, балконын шынылау). Сондай – ақ, 2 көпқабатты үйдің балконын салуға (Қайырбеков көшесі №76,80 үйлер) қаражат бөлінген.

 Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                                   Арқалық қаласы