23 мая, 2025
Конькимен жүгіруден Калгариде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді

Конькимен жүгіруден Калгариде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық спортшылар Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова үштігі командалық спринтте сәтті өнер көрсетті.

Жарыс қашықтығын 1:26.36 секундта еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды. Жарыста Канада құрамасы жеңімпаз атанды.

Күміс жүлдені Польшадан келген спортшылар иеленді.

Алтын жүлде – Канада (1:24.90)

Күміс жүлде – Польша (1:25.02)

Қола жүлде – Қазақстан (1:26.36)