Көрісу күні – дәстүр мен тағзым күні

Көрісу күні – дәстүр мен тағзым күні

Көрісу күні – қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көктемгі дәстүрлерінің бірі. Бұл күн – адамдардың бір-біріне құрмет көрсетіп, амандық-саулық тілейтін мереке. Әсіресе, жасы үлкендерге барып, ізет білдіру – ұлттық құндылықтарымыздың бірі.

Осы атаулы күні Қостанай облысы бойынша «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» ұжымы жол саласында 50 жылға жуық еңбек еткен Бақыт Мұсабекұлына арнайы барып, ізгі тілектерін білдірді.

Бақыт Мұсабекұлы – Қазақстанның жол саласында өз ізін қалдырған ардагер. Жарты ғасырдан астам уақытын еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуға арнап, өзінің кәсібилігімен, жауапкершілігімен жас мамандарға үлгі бола білді. Оның еңбегі еленіп, «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

 

Ұжым мүшелері ақсақалға арнайы сый-сияпат жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде Бақыт Мұсабекұлы да алғысын білдіріп, еліміздің жол саласына еңбектеніп жүрген мамандарға сәттілік тіледі.

Көрісу күні – бұл тек амандасу күні ғана емес, үлкенді құрметтеу, өткенге тағзым ету, бірлік пен ынтымақты дәріптеу күні. Осы игі дәстүрді жалғастыру – ұрпақ сабақтастығының айқын көрінісі.

Жаңалықтармен бөлісу