Облыс әкімі Арқалықта

Облыс әкімі Арқалықта

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына келді.

Сапар барысында облыс басшысы көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын назарға алып, қаланың бірқатар нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

blank

Алғашқы кезекте аймақ басшысы жаңадан ашылатын асфальт-бетон зауыты және қиыршық тас өнідіретін кешендерге қондырғыларды орнату жұмыстарының жай — жапсарына қанықты.

blankКәсіпорын қуаттылығы сағатына 105 тонна өнім өндіруге қабілетті. Қытайда жасалған РД-105 қондырғысы Қостанай қаласындағы «ЛУДЕ-КАЗ» бірлескен кәсіпорнымен» жеткізілуде.

blankБұл жөнінде «ARQALYQREVSERVIC» ЖШС директоры Виктор Суровцев әңгімеледі. Зауыт алдағы сәуір-мамыр айларында іске қосылмақ.

blank

«Республикалық маңызы бар жолдарға маңыз беріледі. Жолдар жөнделіп жатыр. Дер кезінде жұмыс бастағалы отырсыздар, қолдау болады», – деді Құмар Іргебайұлы.

Өңірдің дамуына ықпалы тиетін «Жезқазған – Петропавл» көтерме жолы жөндеуден өтуде.

blank

Облыс әкімі мердігерлермен жүздесіп, жұмыс барысына қанықты. Жергілікті «Алюминстрой» ЖШС-нің де жол құрылысында үлесі бар. Жол бойындағы суағар құбырларды жаңғыртуда. Жол құрылысына қажетті қиыршық тастар тасымалданған.

blankҚала іргесіндегі Северный кентінің Пролетарский көшесінде су тасқынының алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуде.

blankblankЖол қапталдарынан арықтар қазылып, құм салынған қапшықтардан қорған соғылған.

blankҚала әкімі Әмірхан Асанов су тасқынына жол бермеу үшін атқарылып жатқан жұмыстардың жай – жапсарымен өзі таныстырып шықты.

blankДачный кентінің Аманкелді көшесінде де жол бойынан арық қазылып, су өткізетін құбырдың ауқымы кеңейтілген.

blank

Облыс әкімі көшелер мен үй аулаларынан қар шығаруды қарқындата түсу қажет екенін айтты. Қар шығару жұмысына ел болып жұмылу қажеттігін тапсырды.

blank

Арқалық өңірлік ауруханасына қарасты перзентхана күрделі жөндеуден өтуде.

blank

Жоба құны 1 млрд 191 млн теңге. Жөнделген бөлмелерге заманауи медициналық қондырғылар орнатылған.

blank

blankblankАтқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аурухананың бас дәрігері Самат Исламов баяндап берді.

blank

«Бұл аурухананың өңірге қажеттілігі жоғары. Көршілес аудандардан келіп, ем алушылардың қатары да арта түсері анық. Сондықтан, алдағы уақытта аурухананың мүмкіндіктерін арттыруды жіті қарастыратын боламыз», – деді Құмар Ақсақалов.

blankblankОблыс әкімі ертең тағы бірқатар нысандарды араламақ.

blankСапар қорытындысы қаланың дамуы бойынша өткізілетін кеңеспен түйінделмек.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев.

Арқалық қаласы