Кәсіпкерлер жиі кездесетін мәселелердің бірі – банктен несие алу кезінде кепіл мүлкінің жеткіліксіздігі. Кей жағдайда кәсіпкердің қолындағы мүлік бұрыннан кепілде болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда «Даму» қорының кепілдік беру құралы көмекке келеді. Қор екінші деңгейлі банктер арқылы 7 млрд теңгеге дейінгі қарыздың 85 пайызына дейін кепілдік бере алады.
Ашық есік күніне келген кәсіпкерлердің басым бөлігі бизнесті кеңейту, айналым қаражатын толықтыру және несиені тиімді мөлшерлемемен алу мүмкіндіктерін сұрады.
Сонымен қатар банк тарапынан қойылатын талаптар, бизнес-жобаны әзірлеу және несие рәсімдеу тәртібі жөнінде кеңес алды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген Василий Васильев
