Кеншілер шаһарында 250-ден астам адам «Таза жағалау» экологиялық акциясына шықты

Кеншілер шаһарында 250-ден астам адам «Таза жағалау» экологиялық акциясына шықты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Рудныйдағы Тобыл өзенінің жағалауы тазартылды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Оған әлеуметтік сала қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер, жастар еңбек жасақтары, колледж студенттері, волонтерлер және қаланың үкіметтік емес ұйымдары қатысты.
Сенбілікке 4 техника жұмылдырылып,  20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

blank blank
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы осы жылдың сәуір айынан басталған.

blank blank

«Бағдарлама басталғаннан бері мониторингтік топ мүшелері аумақтарды абаттандыру ережелерінің  сақталуы бойынша 515 ұйғарым берді, 415 ескерту жойылды. Бұл көрсеткіш тұрғындарымыздың едәуір бөлігінің абаттандыру ережелерінің нормаларын сақтауға және тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға жауапты екенін көрсетеді. Алайда, әртүрлі нысандар мен тұрғындардың 100 өкілі нұсқамаларды елемей, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өткен жөн», – деді  Рудный қаласының әкімі В.Ионенко.

blank
Ескертулерді түзету үшін жауапкершілікті өз мойнына алғандарға, сондай-ақ «Таза жағалау» экологиялық акциясына  қатысушыларға, «Рахат-2008» ЖШС-не, «Рудный жылу желілері» ЖШС-не ұсынылған техника үшін алғыс білдірді. Барлық тұрғындарды қалада тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға шақырды.