Қостанай облысында Наурыз мейрамы ерекше көңіл-күй мен дәстүрдің үйлесімімен атап өтіліп жатыр. Ұлттық мерекеге орай Қостанай қаласындағы Кәсіподақтар үйінде кәсіподақ мүшелері жиналып, домбыра әуенінде ұлттық әндер шырқалып, үлкен дастархан жайылды.
Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының белсенділері көктем мерекесіне арналған шығармашылық байқауға қатысқан балаларды марапаттап, олардың еңбегін жоғары бағалады.
Наурыз мейрамының басты шаралары 22 наурызда өтеді. Бұл күні облыс орталықтары мен аудан-қалаларда кең ауқымды халықтық серуендер, театрландырылған қойылымдар мен ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Қостанай облыстық филиалының басшысы Гүлнара Далибаева мерекенің маңыздылығын былай атап өтті:
– Бұл күн – рухани және мәдени жаңару кезеңі. Әдеттерімізді өзгертіп, жақсы қарым-қатынас орнатып, жағымды көңіл-күй қалыптастыруға тамаша мүмкіндік. Біз – кәсіподақ мүшелері мен барша қазақстандықтар – үлкен, тату отбасы секілді бірлікте өмір сүріп, ортақ мерекемізді тойлауға тиіспіз, – деді филиал директоры.
Диана Алмасқызы,
ҚӨУ студенті 3 курс