Кәсіби медиаторлар кеңес берді

Кәсіби медиаторлар кеңес берді

Қазақстанда медиаторлардың араласуымен даулы мәселелерді сотқа жеткізбей, бейбіт келісім арқылы шеуді 30% дейін жеткізуді жоспарланып отыр. Бұл туралы «Халықаралық келіссөздер академиясының» төраға кеңесшісі Азамат Нұрлыбеков айтып берді.

“Халықаралық келіссөздер академиясының” заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері Қостанай облысының медиаторларымен кездесті. Олар пікір алмасу барысында өңірдегі медиацияның жай-күйін талдады.

– Қалаларды аралап медиаторлармен кездесулер өткізіп жүрміз. Ондағы мақсат – Қазақстандағы медиация институттарының жұмысын ілгерілету. Осы жылды қоса алғанда 2024 жылға дейін жоба жасалған. Медиаторлардың біліктілігін арттыратын семинарлар өткіземіз. Ықпалын арттырып, халық арасында түсіндіру жұмысын үдетудеміз, – деді Азамат Нұрлыбеков.

Халықаралық статистикаға сәйкес барлық даулы мәселелердің 30-40% медиация арқылы өтеді, олардың 85% медиаторлардың араласуымен оң нәтижеге қол жеткізеді екен. Кездесу барысында медиаторлар өздерінің құзыреттілігі туралы анықтап білді. Рудныйлық медиатор Геннадий Вавулин ТКШ басқармасы мен тұрғын арасындағы дауға қатысты сауал жолдады.

– Қалалық ТКШ басқармасы тариф құнын тұрғындардың келісімінсіз көтеріп жіберген. Мен осы мәселеге қатысты бітімгер бола аламын ба? – деп сұрады медиатор Геннадий Вавулин.

ҚР ИДМ Қоғамдық келісім мүшесі Арслан Караханов медиатордың сауалына жауап берді.

– Біздің ұйымға жазбаша өтінім қалдыратын болсаңыз, мән-жайды анықтауға көмектесеміз. Сіз кәсіби медиатор ретінде де араласа аласыз. Қос тарап келіссөзге қарсы болмаса, екі жақты әңгімелесу жүргізуіңізге де болады, – деді ол.

Өзге де медиаторлар осы сынды сұрақтарына жауап алды.

Жаңалықтармен бөлісу