Қостанайлық оқушы Әдемі Бектепберген республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды

Қостанайлық оқушы Әдемі Бектепберген республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды

Қостанайдағы Назарбаев интелектуалдық мектебінің оқушысы Әдемі Бектепберген республикалық олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атанды. Онлайн режимде өткен студенттер мен оқушыларға арналған «World of Best» IX Республикалық пән олимпиадасының қорытындысы жарияланды. Оған қостанайдан Әдемі Бектепберген биология пәнінен қатысып, 1-орынға ие болды.
Олимпиадада Әдемі биологияның тапсырмаларын колледждің 1-2 курс және ЖОО 1 курс студенттерімен тең дәрежеде орындады.

– Бұл жарысқа қатысу мен үшін құнды тәжірибе және осы бағыт бойынша ары қарай қабілетімді шыңдай бермекпін. Жеңіске жетуіме, пәнді оқуға көмектескен ұстазыма, сондай-ақ барлық бастамада қолдау көрсетіп жүрген ата-анама алғысым шексіз, – дейді 7-сынып оқушысы Әдемі Бектепберген.

Ұстазы оның бұл сайысқа жыл бойы даярланғанын айтып отыр.

– Біз тек 7-сыныптың ғана емес, 8-9 сыныптың да материалдарын оқып, алдын ала жұмыс істеп жатырмыз, – дейді NIS-тің биология пәні мұғалімі Ксения Жансүгірова.

Жаңалықтармен бөлісу