Ірі жобалар, ілкімді істер ksu.edu.kz

Ірі жобалар, ілкімді істер

Кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы шеңберінде Қостанайда 666 жұмыс орны ашылады. Шілде айында 514 адам жұмысқа тұрған. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беру шеңберінде жоспар бойынша 48 жұмыс орны ашылу керек. Ал қазір тек 21 жұмыс орын ашылған. Жоспарды толық орындау мерзімі тамыз айына жоспарланғанын айтады Қостанай қаласының Мансап орталығы филиалының басшысы Амангелді Ержанов.

Жоғары және орта оқу орнын бітірген түлектер “Ұрпақтар келісім-шарты” жобасы бойынша жұмысқа орналаса алады. Бұл бағытта сегіз жұмыс орны ашылу керек,  бірақ әзірге тек біреу ғана.

“Жастарға қолдау ретінде жаңа кәсіптерін ашу үшін берілетін гранттан 27-сі қалып тұр. Оны алуға 45 өтініп келіп түсті. Бұл жерде жастарға шағын несие беруге бағытталған бағдарлама тоқтап тұр. Себебі, мерзімі туралы ресми ақпарат шыққан жоқ. Негізінде жоспар бойынша 67 жұмыс орны құрылуы керек. Қазіргі күні 40-қа жуық өтініп келіп түсті. Өтінімді қабылдау мерзімі кешіктірілген жағдайда, жоспарды орныдай алмау қауіпі бар”, – дейді Мансап орталығы филиалының басшысы Амангелді Ержанов.

Қалада 30 жоба іске асырылып жатыр. Сәтті жүзеге  асар болса 293 жұмыс орны ашылады. Бүгінде 30 жобаның 19-ы жүзеге асып, 67 адам жұмысқа орналасқан. Құрылыс бөлімі 11 жобаны іске асыруға тиіс. Бірақ жұмыстың дені тамыз айында басталады. Яғни жобалар құрылыс-монтаж жұмыстарымен байланысты.

“Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 10 жобаны іске асырады. Бүгінде жеті жоба орындалды. Қалған үш жобаны іске асрыу тамыз-қараша айына жоспарланған. Ал кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі үш жобаны іске асыруға тиіс. Мердігерлердің ғимараттарды салу және реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуіне байланысты тамыз-қыркүйек айларына 47 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған. Жобада “City” шағын маркеті, диірмен мен ірімшік шығару кешенін салу қарастырылған”, – дейді Амангелді Ержанов.

Электрондық еңбек биржасы порталында бос жұмыс орындарын орналастыру тетігін түсіндіру, жұмыс орындарын құру, еңбек шарттарын жасасу бойынша қала әкімінің орынбасары Мәжит Шүленовтің төрағалығымен жұмыс берушілермен жұмыс кеңесі өткізілген.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу