8-13 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан қостанайлық спортшыларға құрмет көрсетілді.
Көкпардан Қазақстан командасының құрамасында Қостанай облысынан біздің спортшыларымыз шеберлік пен спорттық рухтың жоғары деңгейін көрсетті.
Облыс әкімінің орынбасары Ринат Зәкиұлы облысымыздың атын әлемге танытқан осы спортшыларды салтанатты түрде марапаттады.
Ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан елеулі үлесі және жарыстардағы жоғары жетістіктері үшін Омаров Нуркен, Әбду Мейрамбек және Калтаев Наурызбай құрмет грамоталарына және ақшалай сертификаттарға ие болды.