Жақында осы нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде 3-ші қабатының төбесі мен қабырғасы құлаған болатын. «ARSENAL-R» ЖШС қоқысты тазартып, қалпына келтірумен айналысатын болды.
Әулиекөл ауданы әкімінің аппаратының мәліметінше, бұл шара алдағы жылыту маусымына байланысты нысанды қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл қабылданған.
Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары екі жылдық жоба, облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігер ретінде Костанай қаласынан «ПКФ ГРЕНАДА» ЖШС анықталған болатын. Мердігерге жұмыс қарқынын тездету туралы бірнеше рет хат жіберілді.
Қазіргі уақытта еденді бетондау, плитка төсеу, электр желісін тарту, жылыту жүйесі, шатыр жабу, терезелерді ауыстыру және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жалпы дайындығы 35%.
«ПКФ Гренада» ЖШС құрылыс компаниясы Новонежин мектебі ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын өз міндеттемелері аясында жалғастыратынын атап өткен жөн. Төбе қабатын қалпына келтіру және мектепті күрделі жөндеу жұмыстары барлық техникалық нормалар мен стандарттарды ескере отырып, қысқа мерзімде аяқталады. 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 1-сынып оқушылары, 13 қыркүйегінен төменгі, 2-4 сынып оқушылары Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Балдәурен» балабақшасы» ғимаратына оқуға көшірілді.
Жақын арада қалған сынып оқушыларын офлайн оқуға көшіру жоспарлануда.
Фото: school.aulekol-roo.e-orda.kz