Федоров ауданының оқушылары Абай әнін айтты тамылжытты

Федоров ауданының оқушылары Абай әнін айтты тамылжытты

Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай Федоров ауданының мектеп ұжымдары ұлы ақынның мұрасын ұлықтап, «Көзімнің қарасы» әнімен челленджге қатысып жатыр. Бұл рухани бастама аясында ауданның үш білім ордасы өз өнерлерін көрсетіп үлгерді.

Мұғалімдер мен оқушылар Абай шығармашылығына деген құрметтерін ерекше ықыласпен жеткізіп, әнді өз нақыштарында орындады.

Әр мектеп өз видеосын әлеуметтік желіде жариялап, өзге мектептерді де эстафетаны жалғастыруға шақырды.

– Абай – қазақ руханиятының темірқазығы. Біз оқушыларымызға оның шығармаларын сезініп, түсініп, жүрекпен қабылдаса деген ниеттеміз. «Көзімнің қарасы» – терең мағыналы туынды, балалар да бұл ән арқылы Абай әлеміне бір қадам жақындай түсті. Біздің Ы. Алтынсарин атындағы мектептен челледжге бесінші, сегізінші сынып оқушылары қатысты. Екі апта білім бөлімінің әдіскерлері мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары балаларды дайындады, –дейді мектер директоры Нұргүл Қоңқас.

Абайды оқу – адам болудың жолын үйрену. Ақынның әр сөзіне мән беріліп, оқушылармен мағынасы терең талқыланды. Бұл – тәрбиелік мәні зор жұмыс болды.

Челленджді ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама аудан көлемінде жалғасып, басқа да мектептер Абайдың әндері мен өлеңдерін орындап, эстафетаны қолдайтын болады. Мұндай мәдени шаралар арқылы жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген сүйіспеншілігін арттыруға кең жол ашылмақ.