Команда 2025 жылғы Қазақстан Кубогын жеңіп, Қазақстан Премьер-Лигасының қола жүлдегері атанған болатын.
«Тобыл» Кубок финалында шымкенттік «Ордабасы» 2:0 есебімен жеңіп, Қазақстан Кубогының иегері болғаны есімізде. Финалдық ойын Қызылорда қаласында өтті.
Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша команда үшінші орын алып, 54 ұпай жинады, 45 гол соқты.
Марапаттау рәсіміне спорт ұйымдарының өкілдері, қостанайлық футбол ардагерлері, клуб жетекшілері, бапкерлер құрамы, ойыншылар және жанкүйерлер қатысады.
Мерекелік кеш Жастар сарайында ертең 18:00-ге жоспарланған.
Қонақтар үшін әртүрлі іс-шаралар дайындалған. 17:30-да клубтық жүлделер үшін ұтыс ойыны басталады. Жанкүйерлер үшін фирмалық жейделер мен ойыншылардың қолтаңбасы қойылған доптар ойнатылады, фотоаймақ пен клуб логотипін салу дәстүрі өтеді.
