Ертең Қостанайда жылыту маусымы аяқталады Фото: yandex.kz

Ертең Қостанайда жылыту маусымы аяқталады

Қостанай жылу энергетикалық компаниясының мамандары биылғы жылыту маусымының ұзаққа созылуын былай түсіндіреді.

«Соңғы бірнеше тәулікте сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы 10 градус жылу деңгейінде белгіленгендіктен, Қостанайда жылыту маусымының аяқталуы 2025 жылғы 22 сәуірге жоспарланған», – деп хабарлайды «ҚЖЭК»МКК тұтынушыларына.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен денсаулық сақтау нысандары өтінімдердің түсуіне қарай ажыратылатын болады.