Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Дамир Ермағамбетов құтқарушыларға көмек көрсетуге қосқан үлесі үшін қостанайлықтарды марапаттады.
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Сайранұлы Ариновтың атынан 2-топтағы мүгедекті өрттен аманалып қалған Артем Федоров марапатталды.
Оқиға 2 маусым күні қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. 5-ші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатқанын көрген Артем, пәтердегі қызды иығына асып, таза ауағашығарды. Батырлық ерлігі үшін Артем Федоров алғыс хатпен және естелік сағатпен марапатталды.
Салтанатты шарада сондай-ақ, «Резерв» РМК филиалының басшысы Сағынай Талқанов, «Олжа Астық» ЖШС басшысы Арман Исеев, «Қостанай-Су» мемлекеттік өнеркәсіп кешенінің басшысы Қазбек Шалабаев, Ербол Тастанов «ҚТЖ» ҰК» АҚ МӨСҚ өрт сөндіру пойызының басшысы және басқа да батырлар атап өтілді. Олар белсенді азаматтық ұстанымы, адалдығы және макулатура қоймасындағы ірі өртті сөндіруге көмектескені үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл адамдардың барлығы өздерін жақсы маман ретінде ғана емес, сонымен бірге қиын жағдайда көмектесуге дайын жауапты және азаматтық тұлға ретінде көрсетті.