2024 жылы Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 2023 жылмен салыстырғанда 6,4% артып, 18 963,4 мың м² құрады.
Оның ішінде: • 12 120,8 мың м² – көпқабатты үйлер • 6 653,9 мың м² – жеке тұрғын үйлер • 179 730 м² – жатақханалар • 9 030 м² – арнайы үйлер Өңірлік бөліністе ең көп тұрғын үй елордада пайдалануға берілді – 4,4 млн м² тұрғын үй.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша екінші орында 2,4 млн м² көрсеткішпен Алматы қаласы тұр. Алайда, 2023 жылмен салыстырғанда Алматыда баспана құрылысының қарқыны 10,3% төмендеген.
Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары қарқыны Түркістан облысында тіркелді, мұнда құрылыс көлемі 27,7% артқан, ал Шымкент қаласындағы өсім – 26,1%. Тұрғын үйдің негізгі бөлігін, яғни жалпы алаңның 89,5% (16 965,2 мың м²) жеке құрылыс компаниялары орындаған. Осы көлемнің 6 932,8 мың м² халық күшімен салынған.