Қазақстанда энергетика саласын кешенді жаңғыртып, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңартылған бағдарламасы іске асырылып жатыр.
Бұл тетік энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін мақсатты инвестиция тартуға мүмкіндік береді әрі тұтынушыға түсетін жүктемені барынша азайтады.
2024 жылы бағдарлама аясында едәуір қаражат жұмылдырып, елдегі электр станцияларында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын дер кезінде орындауға қол жеткізілді. 2025 жылы инвестиция көлемі 428 млрд теңгеге дейін ұлғаяды деп күтілуде, бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 13,24 %-ға жоғары.
Жаңартылған тәсілдің басты жаңалығы – инвестицияларды қайтарудың жылдық лимитін 32 млрд-тан 428 млрд теңгеге дейін көтеру және электр қуатын қолдауға арналған қызметтің шекті тарифін арттыру. Бұл жеке капитал тартуды және ауқымды техникалық қайта жарақтандыруды ынталандырады.