Министрлік «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы» үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекітті.
Аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, оның күшін жою негіздері мен тәртібі Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылмақ.
Қағидалардың 7 тармағына сәйкес мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын:
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;
бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін электрондық нысанда ұсынады
Аккредиттеуге құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 20 қаңтардан бастап 31 қаңтар сағат 18.30-ды қоса алған мерзімде) қабылданады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуге қатысуға арналған құжаттар мына электрондық пошталарға ұсынылады: g.kenzhebay@energo.gov.kz.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
8 (7172) 78-68-58, 78-68-93.
Қажетті формаларды толтыру үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/782649?lang=kk ссылкасы арқылы өтуге болады.