2022 жылы 5 маусымда еліміздің ең басты құжатына 27 жылдан кейін өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қалыптасқан, даму, келешегі бар мемлекеттің тарихында мұндай референдумның қайталануы заман талабына сай табиғи құбылыс. Себебі өсу, өркендеу бар жерде – оның заңды тұрғысынан да қорғаныс тудыруы шарт.
Мемлкетіміздің құқық қорғау органдары оның ішінде Ұлттық ұлан халықпен біте қайнасып қызмет атқарып жүрген бірден-бір ұйым. Конституция бойынша өз Отаныңды қорғау – ол сенің міндетің. Ал міндет сәтті орындалғанда абыройға да, ерлікке де әкеледі. Ата заңымыздың ІІ бөлімі 12-бабында «адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамның құқығы мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс» делінген. Осы тұста Ұлттық ұлан азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша жүктелген міндеттерді орындауға әрқшан дайын, елдің қауіпсіздігін, тыныштықты күзетуде ұландықтар бір жанұядай ұйысып, қалқан болып қорғап тұр. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқық қорғау саласының жұмыстарын жетілдіруге аса мән беруде. Олардың тұрмысы мен әскери қызметтерін жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бір дәлелі алдағы уақытта әскери саланың еңбек ету сапасын арттыру үшін түрлі техникалар жаңартылып, заман талабына сай жабдықтармен өзгертіліп, болашақта тек тыңғылықты жұмыс жасауға дайын тұратын әскерилерге дамудың даңғыл жолдарын ашып берді.
Конституция күні қарсаңында құқық қорғау күштерінің қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған ардагерлерімізді де ерекше атап өтуге лайық. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған мәңгілік мұратымыз Еліміздің басты құжатына өз еңбектерін сіңірді. Ал Конституция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Әрбір қазақстандықтың парызы – осы құндылықтарымыздың қырағы күзетінде болу.
Ескендір САРАУБЕКОВ,
6697 бөлім командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары
подполковник