Тарихи кезеңге бастаған өзгеріс

Тарихи кезеңге бастаған өзгеріс

Халық Президент қолға алған саяси реформалардың мемлекеттік құрылысты нығайтудың жаңа қадамы екенін түсіне бастағаны байқалады. Оны күнделікті өмірден естіп-біліп жүрміз.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміз үшін аса маңызды әрі тарихи сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсынды. Бастамаларға көпшілік қолдау білдірді. Аз уақыттың ішінде елдегі саяси қарым-қатынаста ауқымды өзгеріс болды. Конституцияға енгізілген реформа арқылы басқару жүйесіне деген көзқарасты барынша өзгертті. Президент жеті жылға бір рет қана сайланады. Парламенттің құзыреті мен қызметі күшейтілетін болды. Конституциялық Сот жасақталды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Құқық қорғау саласындағы жұмыс жаңаша сипат алды. Реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделіп отыр. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру барысында да көптеген бастама қолға алынғанынан хабардармыз. Мысалы, облыс әкімінің азаматтарды жаппай қабылдау күнін өткізуі бұл сөзіміздің бір ғана дәлелі. Бұл жұртшылық көптен көтеріп келе жатқан мәселелердің бірі еді.

Ауыл, аудан, қала әкімдері тікелей сайлана бастады. Бұл қадам билік институттарының жаңарып, тың серпінмен жұмыс істеуіне оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Елді, әсіресе, журналистикада еңбек жолын бастаған өзім секілді мамандарды қуантқан өзгеріс – азаматтық қоғам институттары мен БАҚ-тың рөлін күшейту бағытындағы жұмыстар. Журналист мәртебесі, шынында, қазір жиі айтылып жүр. Президент мұны да ұмыт қалдырған жоқ. Алдағы уақытта басқа саладағылар сияқты масс-медиа мамандары да әлеуметтік мәртебеге ие болып, қоғам игілігіне біріге күш жұмсайды деп сенеміз.

Марғұлан ОСПАНОВ,
облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің директоры

Жаңалықтармен бөлісу