Еліміздің барлық өңірлерінде кадрлық резервтерге іріктеу басталады

Еліміздің барлық өңірлерінде кадрлық резервтерге іріктеу басталады

Бұл туралы өңірлік коммуникация алаңындағы баспасөз мәслихатында түсіндірілді.

“Науқан 1 наурыздан бастап қолға алынатын болды. Жобада өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту көзделіп отыр. Іріктеуді облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, ел астанасының кадр комиссиясы жүзеге асыратын болады. Оған Мемлекеттік қызметте үш жылдан кем емес тәжірибесі бар, отыз бес жастан аспаған үміткерлер қатыса алады”, – деді облыс әкімі аппаратының жетекшісі Мұрат Сандыбаев.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ерлан Салықбаев өңірлік резервке іріктеудің салалық бағыттары айқындалғанын тілге тиек етті.

“Бұл жұмыстарды облыстық кадр комиссиясы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып жүзеге асырып жатыр. Жеке кабинетте барлық құжаттар топтамасын тіркеп, ұсынғаннан кейін үміткер өңірді және салалық бағытты таңдайды. Бір аймақты және бір салалық бағытты таңдауға рұқсат етіледі. Салалық бағыт пен өңірді өзгертуге жол берілмейді, – дейді Ерлан Салықбаев.

Жаңалықтармен бөлісу