Өңірімізде елуге жуық бизнес компаниясы бар екенін білесіз бе?

Өңірімізде елуге жуық бизнес компаниясы бар екенін білесіз бе?

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен  брифингте белгілі болды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ринат Дәулетбаевтың айтуынша, кәсіпкерлер палатасы өткен  жылдармен салыстырғанда жұмыс тиімділігін екі есеге арттырды.

Өңірде 246 жаңа ЖК және ЖШС ашылып, 171 жұмыс орны құрылды. Жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 198 жобаға қолдау көрсетілді. Директордың орынбасары  келіп түскен шағымдар мен өтініштер саны да 2 есе өскендігін айтады.

“Қазір өңірдегі бизнес-ахуалды жақсартуға көп көңіл бөлінуде, сондықтан Қостанай облысының әкімдігі, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу департаменті және басқа да мемлекеттік органдар жеке және жүйелі мәселелерді шешу бойынша бізге үлкен қолдау көрсетеді”, – дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылы 8 салалық кеңес құрылды. Бастапқыда 15 адамнан тұратын салалық кеңестердегі кәсіпкерлер саны 2023 жылы 490 бизнесменге дейін артты, яғни әр кеңесте кемінде 60 адам.

“Палата бизнесті қорғау жұмыстарынан басқа, өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға да баса назар аударады. Бизнесті насихаттау және отандық өндірушілерді қолдау мақсатында 2023 жылғы 21 шілдеде облыс орталығында республикадағы ең ауқымды “Қазақстанның үздік тауары” көрмесі ұйымдастырылды. Жалпы саны 200 қатысушыдан асты, олардың көпшілігі микробизнес иелері. Осы жылы біз осындай іс-шараны өткізуді жоспарлап отырмыз”,– дейді Ринат Болатұлы.

2024 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша, облысымызда 64 500 кәсіпкер жұмыс істейді, оның ішінде 47 компания — ірі бизнес және 160 орта бизнес. Қалған 64 300 – шағын бизнес, ЖК, ШҚ және ЖШС. Бұл статистика шағын бизнестің кәсіпкерлік қоғамдастықтың негізін құрайтынын көрсетеді. Осыған байланысты, биыл кемінде 20 000 бизнес субъектісін қызметпен қамту және облыстың шалғай бұрыштарында әрбір кәсіпкерді тарту мақсаты тұр.

 

Диана БАТЫРБЕК

Жаңалықтармен бөлісу