Елімізде баспана бағасы қымбаттады

Елімізде баспана бағасы қымбаттады

Қазақстан бойынша жылжымайтын мүліктің орташа құны үш айда 3%-ға — 1 шаршы метр үшін 379 913 теңгеден 391 424 теңгеге дейін өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ретте бағаның өсуі барлық қалада байқалады, бірақ оның қарқыны әр түрлі. Krisha.kz 2025 жылдың I тоқсанында Қазақстанда қайталама нарықтағы тұрғын үй бағалары қалай өзгергенін есептеді.

Тұрғын үй қай жерде қымбаттады?

— Қостанай: +8.5%.

— Ақтау: +6.6%.

— Ақтөбе: +4.8%.

— Орал, Өскемен, Шымкент: +3.4%.

Байқап тұрғандарыңыздай, Қостанай мен Ақтауда өсу қарқыны айтарлықтай жоғары.

 

Қай қалаларда бағаның өсуі қалыпты деңгейде?

— Алматы, Астана, Павлодар, Петропавл, Атырау — 3,1% шамасында.

— Семей, Көкшетау, Қызылорда — 2%-дан төмен.

 

Қай жерде баға аса өзгермеген?

— Түркістан мен Талдықорған — тек + 0,9%, бұл нарықтың тұрақтандырылғанын немесе сұраныс төмендігін білдіруі мүмкін.

Жаңалықтармен бөлісу