Арқалықта Жарапазан айтылды

Арқалықта Жарапазан айтылды

Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхамед» мешіті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Айтайық Жарапазан елімізге!» атты дәстүрлі эстафетасын жалғастырды.   

Қалалық мешіт жамағаты өнерпаздармен бірігіп, көшеде жарапазан айтуға ертелетіп жиналды.

Жарапазаншылар рухани шеруді қалалық мешіттен бастап, халық көп жиналатын «Солнечный», «Ajar Mall» сауда орталықтарын аралап, жаяу жүргіншілері мол Маясова көшесін бойлап, орталық «Наурыз» алаңымен жүріп өтті.

«Биыл қаламызда алғаш рет Рамазан айының келуін сүйіншілеп жарапазан айтуды қолға алдық. Бұл халқымызда бұрыннан бар үрдіс. Бұрынғы уақытта бабаларымыз жарапазанды атпен ауыл-ауылды аралап жүріп айтқан. Көнеден келе жатқан үрдісті жаңғыртып, қазіргі заманға сай жаңашаландырып, қал-қадерімізше насихаттап жатырмыз», – дейді Арқалық қалалық мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы.

Арқалықтықтар жарапазан айтуды Рудный қаласынан қабылдап алған еді.

Енді, эстафета көршілес Жанкелдин ауданы мен Лисаков қаласына жолданды.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ 

Суреттерді түсірген – автор

 Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу