27 июня, 2025
Домбыра – ұлт рухының үні

Домбыра – ұлт рухының үні

Рудный қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған ерекше мәдени іс-шара – «Күй шеруі» жобасының аясындағы мерекелік концерт өтті. Бұл бастама – тек өнер мерекесі емес, ұлт рухын, халықтың жады мен мәдени танымын жаңғыртқан тағылымды іс-шараға айналды.
Алаңда ұлттық нақыштағы көріністер ерекше көзге түсті. Кеншілер қаласының жастарынан құралған 500 домбырашы, қазақтың қарлығашы бейнеленген ою салынған суретте орналасты.

Сахнаның қарсы бетіне тігілген ұлттық киіз үйдің ішіне салт-дәстүр мен қазақ өнерін дәріптейтін көрме қойылды.

Іс-шараға қала «AMANAT» партиясының өкілдер, қалалық ардагерлер кеңесін төрағасы, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері аталып өтіліп келеді. Қазақтың қара домбырасына арнайы бекітілген күн, ерекше мейрам болуы тиіс. Домбыра қазақ мәдениетінде бар екі шекті, көп пернелі музыкалық аспап. Домбыра түркі дүниесінің асыл қазынасы, қасиетті қара домбыраның үшінде ұлы даланың тамыра терең, тарихы мен ғасырлық шешіресі, үні жатыр. Қуанышты да, қайғыны да өз үнімен жеткізе білген асыл қасиетті аспап», – дейді қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жаңбыршы Тұқатұлы.

   Шараның шымылдығы «Келіншек» күйімен түрілді. «Алтын домбыра» үйірмесінің жас домбырашылары күйді нақышына келтіре орындады.

«Алтын домбыра» студиясының ашылғанына үш жыл болды. Бүгінде 200-ден аса бала тәрбиеленіп жатыр. Сол балалар осы жерде өнер көрсетті. Біздің үйірменің шәкірттері осындай ауқымды іс-шарада өнер көрсеткендері үшін қуанып тұрмын. Үлкен еңбек, қанша тер төгілді. Алайда, барлығы сәтті өтті. Алты жастан бастап қабылданады үйірмеге», – дейді «Алтын домбыра» студиясының жетекшісі Назгүл Абайқызы.

Мәдние айлық шеңберінде Рудный қаласы бойынша түрлі бағдарламалар өткізу жоспарланған. Бұл – жастардың ұлттық аспапқа деген қызығушылықтарын оятып, рухани мұраға жаңаша серпін берудің жолы.

«Маусым айының оны күні Горняцк кентінде «Киелі домбыра» балаларға арналған концерттік бағдарлама өтеді. Сонддай-ақ, 14 маусымда «Ұлы дала мұрасы» атты қалалық домбырашылар байқауы болады. Қашар кентінде отызыншы мауысмжа «Мұрагер» домбырашылар ансамблінің концерттік бағдарламасы жоспарланған. Сонымен қатар кітапханаларда да әдеби-сазды кештер, музыкалық керуен түрлі форматында өтетін іс-шаралар бар», – деді рудный қалалық мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің басшысы Жанна Жаңбыршына.

 

Іс-шара барысында бес күй орындалды. Айрықша әсер қалдырған күйлер қатарында «Жастар биі», «Нәр ағашы», «Ер Тұран», «Балбырауын» сынды күйлер домбырашылардың орындауында ерекше шабытпен тартылды. Бағдарламаның соңында «Менің отаным» әні шырқалды. «Күй шеруі» – тек өнер көрінісі емес, ұлт рухының жаңғыруы. Бұл күні Рудный аспанында қазақтың үні жаңғырып, әрбір жүрек домбыраның үнімен бірге соқты. Осы іс-шара арқылы Рудный жұртшылығы ұлттық құндылықтардың мәңгілік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жалғасын газеттің алдағы санына оқисыздар.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген – Жансая СӘБИТБЕК

Рудный қаласы