ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алтынбек Тұрарұлы Қалиев Қостанай облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Алтынбек Тұрарұлы 1980 жылы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында өмірге келген. 2000-2004 жылдары ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын бітірген. Еңбек өтілі жиырма жылдан асады. Әділет полковнигі. Көптеген халықаралық және мемлекеттік марапат иегері. 
Бұған дейін Маңғыстау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
