Шілденің шіліңгір күндері өңір тарихында алғаш рет «Тылсым Торғайға тур» блог-туры аясында он адамнан құралған саяхатшылар тобы жолға шықты. «Бізге Торғай барда, Дубай қажет емес!» деп ұрандатқан туристер Арқалық қаласы мен Аманкелді және Жанкелдин аудандарының аумақтарында болды.
Қазақстанның ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылды
Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежайлар мен қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарлануда.
Қазақстан мен Корея арасындағы әуе қатынасы күшейді
Қазақстан Кореядан Алматы, Астана және Шымкентке тікелей рейстер жиілігін аптасына 17 рейске дейін арттырды.
Қытай мен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыт ашылады
29 мамырда Сиань қаласынан «Сиань – Алматы» бағытындағы алғашқы туристік пойыз жолға шығады. Бұл бастама «Орталық Азия – Қытай» II саммиті аясында ұйымдастырылып отыр.
Кейінгі үш жылда еліміздегі экотуристер саны 40%-ға өсті
Кейінгі жылдары Қазақстанда экологиялық туризмге деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді. Мәселен, 2022 жылы экотуристер саны 2 миллион адамға жетсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,8 миллионға көбейіп, 40%-ға өскен.
Топ-5: Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?
Былтыр Қазақстанға жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, туристік мақсатпен 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Оның ішінде 10,4 млн адам елде бір күннен көп уақытқа қалып, шетелдік туристер санатына енді.
Қазақстан мен Мысыр: туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмед Шахинмен кездесті.
Үкіметте Қазақстанның авиакәсіпорындарын тексеру нәтижелері айтылды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Авиациялық әкімшілік негізгі ірі авиакәсіпорындарды, Астана, Павлодар, Алматы, Ақтау, Шымкент, Өскемен қалаларындағы 6 әуежайды әуеайлақтардың техникалық жай-күйі, ұшуларды авариялық-құтқару және орнитологиялық қамтамасыз ету, алты тұрақты әуе тасымалдаушының 71 азаматтық әуе кемесін перрондық тексеру тұрғысынан тексерді.
Қазақстандық туристерді шетелде қорғауды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады
ҚР Туризм және спорт министрлігі жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс қарсаңында шетелде қазақстандық туристерді қорғауға бағытталған шаралар қолға алынып келе жатқанын еске салды.
Аманкелді ауданында туристік кешен ашылады
Ертең Аманкелді ауданында туристік кешен ашылмақ. Осыған орай аудан орталығында мәдени іс-шаралар басталып кетті.