Жеке-дара тұрып-ақ толық мағына беретін кейбір сөздерді қисынсыз жерде тіркеске айналдырып алатын әдетіміз бар. Оларды айқындауыш деуге де келмейді. Түсінікті сөзге сол мәндес ұғымды үстемелеу немесе басы артық анықтауышпен шұбалта беру – көбіміз қаперге алмай жүрген қателіктердің бірі. «ТүзеТілді» айдарының бүгінгі шығарылымында осындай олқылықтарға мысал келтіреміз.
Сөз қадірі – өз қадіріміз
Сөзді, сөйлемді қолдан қиындату өзімізге өзіміз тауып алған «бас ауру» сияқты. Шұбалтып жазуға әуес болып барамыз. Ол мағынаны да шашыраңқы жеткізеді. Мәселен, бүгінде іркес-тіркес етістіктер көбейіп кетті. Бұған талғамсыз аудармалар және орыс тілінің ықпалынан шыға алмайтынымыз себеп. Салдарынан қазақша деуге келіңкіремейтін сөйлемдер пайда бола бастады. Осындай қателіктердің бірнешеуін мысалға келтірейік.
Есімдіктер емлесін ескере жүрейік
Қазақ тілінде «орынбасар сөздер» деп аталатын есімдіктердің атқарар қызметі зор. Олар зат есім, сын есім, сан есімдерің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Жіктеу, сұрау, жалпылау, өздік, сілтеу, белгісіздік, болымсыздық деп жеті түрге бөлінетінін де бәріміз білетін болармыз. Бірақ соларды жазу мен айтуда көптеген қателікке жол беріп жүрміз. Бүгін «ТүзеТілді» айдарында жиі кездесетін бірнеше […]
“ТүзеТілді”: қосымшаларды дұрыс жалғап жүрміз бе?
“Қостанай таңы” газетінің төл жобасы – “ТүзеТілді” айдарының кезекті сериясы жарық көрді. Оны You Tube желісіндегі арнамыздан көруге болады.
Тыңдаушы, сен де түзел…
«Әннің де естісі бар, есері бар…». Мұны әуеннен, нотадан мін теру үшін айтып отырғанымыз жоқ. Ел құлағына сіңісті болып қалған кейбір әндердегі шалағайлау мәтіндерді сөз еткіміз келеді.
You Tube арнасында – “ТүзеТілді” жобасы
“Қостанай таңы” газетінің төл жобасы – “ТүзеТілді” айдары You Tube арнасында жарияланып жатыр. Екінші шығарылымда қазақ тіліндегі ағат айтылып, қате жазылып жүрген сөздер мен тіркестер талқыланды.
Мағынасын біле жүрейік
«Қазақтың тілі бай» дегенді үнемі айтамыз. Бірақ өзіміз күнделікті айтып-жазып жүрген кейбір сөздің түп-төркінін біле бермейтін сияқтымыз. Онымыз көп сөзді орынсыз, ретсіз қолданған кезде байқалып қалады. Бұдан бөлек, жалпы, кез келген сөздің этимологиялық мәнін жадымызда тұта жүрген артық емес. Оның пайдасы болмаса, зияны жоқ. Бүгін «ТүзеТілді» айдарында бірнеше сөздің бастапқы мағыналарына үңіліп көрелік.
Қай нұсқа дұрыс?
Қазақ тілінде екі түрлі қолданылып жүрген сөздер мен тіркестер көп. Әркім өзіне қолайлы нұсқаны дұрыс санап, қолынан келгенше қорғап жатады. Бірі қисынға салса, енді бірі басқалардың да солай сөйлеп-жазып жүргенін алға тартады. Ал біз қазақ тілі заңдылықтарына, ғалымдардың зерттеу еңбектеріне сүйенгенді жөн санап отырмыз. Олай болса, бірнеше мысал келтіріп көрейік.
ТүзеТілді: аударма тіл табиғатын бұзбауға тиіс
Орыс тілінің ыңғайына жығылып сөз құрау дерті асқынып тұр. Сөзді тәржімаламас бұрын оның қазақы баламасын іздеп көруге мән бермейміз. Көбіне, мағынасы келсін-келмесін, сөзбе-сөз аударма жасап, тіліміздің сәнін құртамыз. Енді бірде орыс тіліндегі сөзжасамдарды сол күйінде қолданысымызға енгізіп алатын болдық. Бүгін «ТүзеТілді» айдарында тағы да калька мәселесіне айналып соғып отырмыз.
Талқыда – тағы калька
«ТүзеТілді» айдарының тырнақалды шығарылымы калька сөздерге арналған еді. Қазақ тіліндегі асқынған осы мәселеге қайта айналып соғып отырмыз. Бұл жолы да өзге тілден, әсіресе, орысшадан сөзбе-сөз аударылған, қазақ тілі нормасына сәйкес келмейтін, бірақ қолданысқа еніп кеткен тіркестерді мысал етпекпіз.