Аманкелді ауданында 1 мамыр — Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесі тойланды.
“Халық” қоры өкілдері: “Әулиекөлдегі балабақша үздік стандартқа сай салынады”
«Халық» қайырымдылық қоры мен Қостанай облысының әкімдігі бірлесіп, Әулиекөл ауылында салынып жатқан жаңа балабақшаның құрылыс барысымен танысты.
Қу ағашқа құс қонбайды
Ұшар басы зеңгір көкпен таласқан қалың нудың былтырғы алапат өрттен кейінгі көрінісі әрлі-берлі өткен жанның жүрегіне шаншудай қадалар еді. Күре жолдың қос қапталын жағалай өскен сыңсыған қарағай мен қайыңның қатары едәуір селдіреп қалған. От тиген шырпыдай сидиып, жалаңаштанған ағаштар анадайдан көзге үрей ұялатады. Бұрын тас жолдың жиегіне дейінгі алапты көмкеріп, айналаға ерекше сән беріп тұратын […]
“Таған” театры Сарыкөл сахнасында өнер көрсетті
Сарыкөл ауданына облыста былтыр ашылған «ТАҒАН» театры іссапармен келіп, белгілі режиссер, Қазақстанның халық әртісі Ерсайын Төлеубайдың «Ахмет, Әлихан» қойылымын қойды.
Меңдіқара ауданында мәдениет үйі жөнделіп жатыр
Меңдіқара аудандық мәдениет үйіне соңғы рет күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілген. Одан бері он жылға жуықтады. Бүгінде шатырынан су тамшылайды, мүліктердің бүліну қаупі бар.
«Бес қонақ» ауыл малын жалмап кетті
Табиғаттың тосын мінезі Торғай жұртшылығын әлекке салды. Ашық-жарықта жайылымға жіберген малдары төтеннен түтеген боран, толассыз төпелеген қар аралас жаңбыр салдарынан айдалада қырылып қалды. Түлігін түгендей алмай отырған ауылдықтар әлі де баршылық…
Амангелді ауданында “Рамазан қоржыны” таратылды
Рамазан айында аудандық Сатыбалды ишан мешітінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. «Нұр Қазақстан» қажылық компаниясының Президенті Аманкелді қажы Әбдіхалықовтың демеушілігімен «Рамазан қоржыны» қайырылымдылық акциясы ауданымызда екінші мәрте өтті.
Амангелді ауданында кәсіпкер әйел жаңа өндірісті іске қосты
Қала да кәсіп те, өмір де бар дейміз. Сондықтан болар көбі ауылдан қалаға кетуге әуес. Алайда, ауылда қалып, өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар да бар. Сондай кәсіпкердің бірі – аманкелділік «Жомарт» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Айгүл Салауатқызы. Ол мемлекеттен 5 млн теңге қайтарымсыз грант алып, құрама жем өндіру кәсібін ашқан.
Қостанай облысында жылу желілері жаңартылады
Облыстағы жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы – 810 шақырым. Оның 57%-нің тозығы жеткен.
Біреуге су, біреуге шу керек
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қолданысқа енгізілгеннен бері Жанкелдин ауданында көптеген ауқымды жоба жүзеге аса бастады. Жергілікті халықтың басты талабы таза ауыз су еді. Мәселе біртіндеп шешіліп келеді. Қазіргі таңда Шеген ауылына су тұшыту қондырғысын орнату жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар Сужарған ауылында да жалғасын табады.