Ауа райының жақсаруына байланысты сағат 16:30-дан бастап А-23 «Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл (Денисов ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін) 0-137 км. тас жолы, А-22 «Қарабұтақ – Қостанай» (Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін) 234-549 км. тас жолы жеңіл автокөлігі үшін ашық.
Сарыкөлдіктер тұрғындарын сабыр сақтауға шақырады
Сарыкөл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарын алыс жолға шықпауға және орын алған келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауға шақырады.
Облыста боран күшейді: Түстен кейінгі жағдай
Республикалық маңызы және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін жабық. Облыс мектептерінің 0-ден 11-сыныпқа дейінгі 2 ауысым оқушылары қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.
«Қазгидромет» не дейді?
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша облысымыздағы боран желтоқсанның аяғына дейін созылмақ.
Тобыл қаласындағы жағдай: Адам шығыны жоқ
Қостанайдың іргесіндегі Тобыл қаласының тұрғындары бүгінгі бораннан зардап шегіп жатыр. Ұйытқыған бораннан Водник, 5 мекенжайындағы бір үйдің шатыры ұшып кетті деп хабарлайды Қостанай ауданы әкімдігінен.
Қостанайда республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Облыс көлемінде ауа райының нашарлап, боранның ұйытқуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар жабылды.
Тобыл қаласындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, әуелгіде 20 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау бірінші қабаттан басталып, жоғарғы жақты шарпыған.
Әуежай шағын ауданында жылу құбыры жарылды
Бүгін Қостанай қаласының халықаралық әуежайының аумағында магистральдық жылу желісінде апат орын алды.
Газ-ауа қоспасының жарылысынан тағы бір нысан өртке оранды
Бүгін Қостанайдағы Рабочая көшесі 147 мекенжайында газ-ауа қоспасының жарылды. Нәтижесінде сауда алаңындағы тандыр құрылымдары жанып кетті.
Аманкелді елді мекеніндегі құтқару жұмыстары аяқталды
Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 12.36-да газ-ауа қоспасы жарылып, бір қабатты ғимарат опырылып түскен еді. Өрт 13 сағат 25 минутта оқшауланып, 13 сағат 52 минутта жойылды.
