Сарыкөлдіктер тұрғындарын сабыр сақтауға шақырады

Сарыкөлдіктер тұрғындарын сабыр сақтауға шақырады

Сарыкөл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарын алыс жолға шықпауға және орын алған келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауға шақырады.

“Құрметті Сарыкөл ауданының тұрғындары! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 25 желтоқсаннан бастап барлық көлік жолдары жабық. Ауа райының салдарынан электр желісімен су желісі істен шықты. Қазіргі таңда барлық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты сіздерден сабырлық танытып, өздеріңіз бен жақындарынызды сақтаңыздар!” – деп хабарлайды аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.

Жаңалықтармен бөлісу