Қостанай облысының әкімі Құмар Ақасақаловтың басшылығымен облыстың оңтүстік өңірлерінде су тасқынның екінші толқынына әзірлік шаралары басталып кетті.
Жітіқарада су тасқынына әзірлік қалай?
Жітіқара ауданында жыл басынан бері су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін ұзындығы 10 км болатын арық тазартылды. 25 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Науырзымда өзен арнасынан асып, ауылға жайыла бастаған (ВИДЕО)
Қызылсудың жайылғаны Науырзым ауданынының Мереке ауылында да байқалып отыр. Бұл жағдайға қатысты аудан әкімі Мәди Ихтиляпов түсінік берді.
Полиция департаментінің қызметкерлері өңірдің су басқан аудандарына көмекке кетті
Бұл жерге Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы, арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының және жергілікті полиция қызметінің 40 қызметкері, 7 бірлік техника,оның ішінде жоғары өтімді 3 техника, 2 қайық жіберілді.
Су тасқынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді
Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге келді. Арқалық жастары су кірген үйлерді қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Торғайдың ауылдарын да су басып жатыр (ВИДЕО)
Жанкелдин ауданындағы су тасқыны жергілікті билік өкілдерінің назарында. Қазіргі уақытта Шеген — Ақшығанақ, Шұбалаң мен А. Байтұрсынұлы ауылдарына қатынас уақытша тоқтатылып, көліктерге шектеу қойылды.
Үрпек ауылының тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшіріледі
Аманкелді ауданы әкімінің штаб отырысы өтіп, онда Үрпек ауылының халқы эвакуацияланатыны туралы айтылды.
Аманкелді ауданында төтенше жағдай жарияланды
Бұған дейін Аманкелді ауданын су басқаны туралы жан-жақты хабарланған еді.
Облыс әкімі Арқалыққа келді
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайлар орын алған облыстың оңтүстік аудандарындағы атқарылып жатқан іс-қимылдардың жай-жапсарымен өзі тікелей келіп танысты.
Қамыстыда қарғын суға қарсы қам жасалып жатыр
Қамысты ауданының аумағында Адай селолық округінің Пушкин ауылы су басуы мүмкін аймаққа жатады. Қарғын судың алдын алу мақсатында кенттің оңтүстік батыс бөлігіндегі Тобыл өзенінің арнасына жақын тұста Пушкин ауылын қоршап тұрған жалдар бар.