Торғайдың ауылдарын да су басып жатыр (ВИДЕО)

Торғайдың ауылдарын да су басып жатыр (ВИДЕО)

Жанкелдин ауданындағы су тасқыны жергілікті билік өкілдерінің назарында. Қазіргі уақытта Шеген – Ақшығанақ, Шұбалаң мен А. Байтұрсынұлы ауылдарына қатынас уақытша тоқтатылып, көліктерге шектеу қойылды.

Су жыру қауіпі бар жерлерді құм салған қапшықтармен бөгеп тастады. Көтерме жол ернеуіне жеткен қар суының бағытын өзгерту мақсатында арнайы мотопомпаны пайдалануда.

Су ортасында қалған елді мекендердегі шаруа қожалықтары түгелдей қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Алдын алу шаралары бойынша “Алюминстрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалары қосымша көмекке келіп, 30 адам жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Саға, Тәуіш, Көлқамыс ауылдарындағы жергілікті халық бас бірліктерін танытып, өз әлдерінше қарекет жасап жатыр.

Табиғаттың тосын мінезіне тап болған торғайлықтар есеңгіреп қалды. Бұл қауіптіңде сейілері күні алда. Тек сабырлық танытып, жұдырықтай жұмылса болғаны.

 

 

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Жанкелдин ауданы

Жаңалықтармен бөлісу