Аманкелді ауданында төтенше жағдай жарияланды

Аманкелді ауданында төтенше жағдай жарияланды

Бұған дейін Аманкелді ауданын су басқаны туралы жан-жақты хабарланған еді. Штаб басшылары апатты жағдайдың себебін тілшімізге былай түсіндірді:

“Төтенше жағдайдың басты себебі, мезгілсіз толассыз жауған жауын-шашын. Бізде қыс уақытында да бірнеше рет жауын жауып, жердің тоңы бір метрге жетіп тұр. Судың бетінде он-он бес сантиметр мұз жатыр. Соның салдарынан еріген қар жерге сіңбей жайылып жатыр”, – дейді аудан әкімінің орынбасары Малшыбай Дүйсенбайұлы.

Жаңалықтармен бөлісу